«Aitu -
Төлем шешімдері» электрондық ақша
жүйесі»
төлем сервисін пайдалану
туралы
жария Оферта
Осы “«Aitu - Төлем шешімдері» электрондық ақша жүйесі»” төлем сервисін пайдалану туралы жария Офертада (бұдан әрі – «Оферта») “«Aitu - Төлем шешімдері» электрондық ақша жүйесі” төлем сервисін пайдалана отырып, Операцияларды жүзеге асыру қызметтерін көрсету туралы шарт (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қызметтер көрсету туралы шарт» және/немесе «Шарт») жасасу талаптары қамтылған. Осы Офертада көрсетілген әрекеттерді жасау жеке тұлғаның осы Офертада жазылған шарттарда, тәртіппен және көлемде Қызметтер көрсету туралы шартты жасасуға келісімін растау болып табылады.
Жеке
тұлғаларға арналған Офертаның төменде
жазылған мәтіні «Aitu - Төлем шешімдері»
ЖШС-ның Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексінің 395-бабының 1 және
5-тармақтарына
сәйкес Қызметтер көрсету туралы шарт
жасасу туралы ресми жария ұсынысы болып
табылады. Қызметтер көрсету туралы шарт
жеке тұлға осы Офертада көзделген және
жеке тұлғаның қандай да бір алып
қоюларсыз немесе шектеулерсіз осы
Шарттың
барлық талаптарын қосылу
шарттарында толық әрі сөзсіз қабылдауын
білдіретін Офертаны акцептілеу бойынша
әрекеттерді жасаған кезден бастап
жасалды деп есептеледі және күшіне
енеді.
Офертаның өзекті нұсқасы «Aitu - Төлем шешімдері» ЖШС-ның www.aitupay.kz интернет ресурсында орналастырылған.
Авторландыру
– Әмиянға қол жеткізуді қоса алғанда,
Электрондық ақшаны иеленушінің
ЭАЖ-да
Электрондық ақшаны пайдалана отырып
операциялар жүргізуіне арналған құқықты
Оператордың Клиентке беруі, сондай-ақ
осы әрекеттерді орындау талпынысы
кезінде аталған құқықтарды тексеру
процесі;
ЭАЖ агенті (бұдан әрі – “Агент”) – Эмитентпен жасалған шарт негізінде Эмитенттен және иеленуші жеке және заңды тұлғалардан Электрондық ақшаны кейіннен жеке тұлғаларға сату үшін оны сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Аутентификаттау деректері – ЭАЖ-да тіркелу кезінде Клиентке берілген логин мен құпиясөз;
Аутентификаттау – ЭАЖ-ға Қатысушының аутентификаттау деректерін растау процесі;
Электрондық әмиянды бұғаттау – Электрондық ақшаны иеленуші Клиенттің Әмиянында сақталатын Электрондық ақшаны пайдалануға толық немесе уақытша тыйым салу;
Электрондық ақшаны шығару – Эмитенттің жеке тұлғаларға және Эмитенттің агенттеріне номиналды құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау арқылы Электрондық ақша беруді көздейтін операция;
Шарт – осы Офертаның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен және Толықтыруларымен бірге осы Офертаның мәтіні;
Электрондық ақшаны пайдалану – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемді және (немесе) Электрондық ақшаға меншік құқығының ауысуына байланысты өзге де операцияларды жүзеге асыру мақсатында Электрондық ақшаны иеленуші жеке тұлғаның оны ЭАЖ-ға басқа Қатысушыға ЭАЖ-да беруі;
Сәйкестендіру
(оның ішінде Клиентті оңайлатылған
сәйкестендіру)
– бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының,
Оператордың ішкі рәсімдері мен осы
Офертаның талаптарына сәйкес клиент
ұсынған сәйкестендіру деректерін
пайдалана отырып, оның ішінде электрондық
түрде клиенттер туралы мәліметтердің
анықтығын белгілеу (тіркеу) және растау
жөніндегі
іс-шаралар жиынтығы;
Сәйкестендірілген (VIP) / Оңайлатылған түрде сәйкестендірілген (PRO) клиент – ЭАЖ-да сәйкестендіру рәсімінен өткен және осы Шарттың 4.2-тармағында көрсетілген Клиенттің мәртебесі мен Әмиян типіне қарай Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде осы Офертада ЭАЖ-да белгіленген сомалар бойынша лимиттер шегінде Электрондық ақшамен операциялардың белгілі бір түрлерін ЭАЖ-да жүзеге асыру бойынша мүмкіндіктерге ие Клиенттің мәртебесі;
Клиент – Электрондық ақшаны иеленушілер ретінде ЭАЖ-да тіркелген және жеке басты куәландыратын құжаты бар Қазақстан Республикасының толық әрекетке қабілетті азаматтары жеке тұлғалар;
АЕК – айлық есептік көрсеткіш, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін тиісті жылға арналған бюджет туралы заңда белгіленетін коэффициент;
Сәйкестендірілмеген Клиент – ЭАЖ-да сәйкестендіру рәсімінен өтпеген және өзіне қатысты ЭАЖ-да Электрондық ақшамен операциялардың түрлері бойынша шектеулер қолданылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде осы Офертада ЭАЖ-да айқындалған сомалар бойынша лимиттер белгіленген Клиенттің мәртебесі;
Электрондық ақшамен жасалатын айырбастау операциялары – бір Эмитент шығарған Электрондық ақшаны басқа электрондық ақша жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа Эмитенттің Электрондық ақшасына айырбастау жөніндегі операциялар;
ЭАЖ операторы (бұдан әрі – “Оператор”) – Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 29 БСН 190240009443, Есеп айырысу шоты KZ089470398928963264, «Альфа банк» АҚ-да, БСК ALFAKZKA, электрондық поштасының мекенжайы info@aitupay.kz, ЭАЖ-ға қатысушы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі есептік тіркеу нөмірі 2019 жылғы 09 қазандағы № 01-19-059, электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыруды қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін «Aitu - Төлем шешімдері» ЖШС;
Операция – ЭАЖ-да электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдер мен өзге де операциялар;
Операциялық күн – Оператордың нұсқауларды, нұсқаулардың орындалуын тоқтата тұру не осындай нұсқауларды кері қайтарып алу туралы өкімдерді қабылдауы және өңдеуі жүзеге асырылатын уақыт кезеңі;
Аударым – Оператордың төлемді жүзеге асыруға немесе өзге де мақсаттарға байланысты Клиенттің Электрондық ақшаны беру туралы нұсқауын дәйекті түрде орындауы;
Дербес деректер (сәйкестендіру деректері) – солардың негізінде айқындалған немесе айқындалатын Клиентке қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген деректер, оның ішінде биометриялық деректер, сондай-ақ болашақта оларда болатын өзгерістер мен толықтырулар, мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей:
Клиенттің Т.А.Ә.;
Клиенттің ЖСН;
Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың суреті екі жақтан да);
Клиентке тиесілі Электрондық әмиянның нөмірі;
абоненттік телефон нөмірі;
электрондық пошта;
Клиенттің бетінің суреті (фотосурет/бейнежазба);
Оператордың интернет-ресурсында - www.aitupay.kz орналастырылған Құпиялылық саясатында және осы Шартта көрсетілген дербес деректерді жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті басқа да деректер.
Төлем – Оператордың электрондық ақшаны пайдалана отырып, ақшалай міндеттемені орындауы;
Электрондық ақшаны өтеу – Электрондық ақшаны иеленуші ұсынған не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ол ұсынылмай иеленушінің өтеуіне жататын Электрондық ақшаны оның номиналды құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау бойынша Эмитент және/немесе Оператор (егер мұндай әрекеттер Эмитент пен Оператор арасында қол қойылған шартта көзделсе) жүзеге асыратын операция;
Өнім беруші – ЭАЖ-ға Қатысушылар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және ЭАЖ-ға басқа қатысушы жеке тұлғалардан ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің және/немесе жеткізілетін тауарлардың, оның ішінде Өнім берушінің солардың пайдасына төлемдерді қабылдауға агенттік келісімі жасалған тиісті тұлғаларға бұрын төленгендерінің ақысын төлеу ретінде Электрондық ақшаны қабылдайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;
Қауіпсіздік рәсімі – Электрондық ақшаны пайдалану кезінде Электрондық ақшаны иеленушінің Электрондық ақшаны пайдалану құқығын куәландыруға және электрондық тәсілмен берілетін және алынатын хабарлардың (бұдан әрі – «Электрондық хабар») мазмұнында қателерді және/немесе өзгерістерді анықтауға арналған ұйымдастыру шаралары мен ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені;
Қосымша – бұл осы Шартты толық сақтау талаптарында қосымшалар дүкені арқылы Клиентке қолжетімді болатын, Android немесе Apple iOS операциялық жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін мобильді құрылғылар үшін әзірленген «aitu.pay» мобильді қосымшасы;
«Aitu -
Төлем шешімдері» электрондық ақша
жүйесі (бұдан әрі – “ЭАЖ” немесе “Жүйе”)
– электрондық ақша жүйесі операторының
электрондық ақша эмитентімен және
(немесе) электрондық ақшаны иеленушілермен
өзара іс-қимыл жасауы арқылы Электрондық
ақшамен төлемдерді және өзге де
операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін
бағдарламалық-техникалық
құралдардың, құжаттама мен ұйымдық-техникалық
іс-шаралардың жиынтығы;
Тараптар - Оператор және Клиент;
Үшінші тұлғалар – өздерімен Оператордың шарттық қатынастары бар тұлғалар;
ЭАЖ-ға қатысушы – Оператормен жасалған шартқа сәйкес белгілі бір ЭАЖ шеңберінде электрондық ақшаны шығару, беру, қабылдау, пайдалану, сатып алу, өткізу немесе өтеу жөніндегі құқығы немесе міндеттемесі туындайтын жеке немесе заңды тұлға;
Электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және жүйеге басқа қатысушылар электрондық ақша жүйесінде төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша Эмитентінің шартсыз және кері қайтарып алынбайтын ақшалай міндеттемелері;
«Aitu - Төлем шешімдері» ЭАЖ шеңберіндегі электрондық әмиян (бұдан әрі – “Әмиян” немесе “Телефон нөмірі бойынша баланс”) – электрондық ақшаны есепке алу мен сақтау тәсілі, оларға билік етуді қамтамасыз ететін микропроцессор (чип), дербес компьютердің бағдарламалық қамтылымы, Электрондық ақша және/немесе оған қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылым сақталатын өзге де бағдарламалық-техникалық құрал;
Электрондық ақша Эмитенті (бұдан әрі – “Эмитент”) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ЭАЖ-да электрондық ақшаны Шығару мен Өтеуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер.
2.1. ЭАЖ
ішінде Электрондық ақшаны пайдалана
отырып, кез келген операциялар «Төлемдер
және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы
26 шілдедегі Қазақстан Республикасының
Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 202 Қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының аумағында электрондық
ақша шығару, пайдалану және өтеу
қағидаларына, сондай-ақ электрондық
ақша эмитенттеріне және электрондық
ақша жүйелеріне қойылатын талаптарға,
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы»
2009 жылғы 28 тамыздағы
Қазақстан Республикасының Заңына және
Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге
асырылады.
2.2. ЭАЖ көмегімен ЭАЖ шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын коммерциялық ұйымдардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ осы Шартта, Оператордың www.aitupay.kz ресми сайтында орналастырылған ЭАЖ қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларында көзделген шектерде және шектеулермен Клиенттер арасында Электрондық ақша аударымдарын жүзеге асыру мүмкін болады.
3.1. Осы
Офертаны акцептілеу, оның ішінде осы
Шартта көзделген конклюденттік
әрекеттерді жасау арқылы акцептілеу
жолымен Клиент жасасатын Шарттың
нысанасы (i) Клиенттің
ЭАЖ-да ұсынылған
Өнім берушілер ұсынатын тауарларды/көрсетілетін
қызметтерді сатып алуы, (ii) Клиенттің
өз Әмиянынан басқа Клиенттердің
Әмияндарына Электрондық ақшаның
Аударымдарын жүзеге асыруы, (iii) Клиенттің
Әмиянынан шығару кезінде Клиенттің
Электрондық ақшасын Клиенттен сатып
алу арқылы Агенттің ақшаны Клиенттің
банктік шотына есепке жатқызуы, (iv)
Клиенттің ЭАЖ-да ұсынылған Агенттерден
Электрондық ақшаны сатып алуы және оны
ЭАЖ-да ұсынылған Агенттерге сатуы
мақсатында Оператордың Клиентке ЭАЖ-ды
пайдалану бойынша қызметтер көрсетуі
(бұдан әрі – “Оператордың Көрсетілетін
қызметі”) болып табылады.
3.2. Оператор Электрондық ақшаны ЭАЖ-да одан әрі пайдалану мақсатында оның Клиенттің Әмиянына есепке жатқызылуы туралы ақпаратты қабылдайды және Электрондық ақшаны пайдалана отырып, Клиенттің барлық операцияларын тіркеуді жүргізеді.
3.3. Тараптар Оператор Клиент жасайтын мәмілелердің, оның ішінде оларға ақы төлеу Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілетін, ЭАЖ-да ұсынылған Өнім берушілермен жасалатын мәмілелердің тарапы болып табылмайтынына келіседі, осыған байланысты:
Оператор Клиент жасайтын мәмілелердің заңдылығын бақыламайды және бақылай алмайды, осындай мәмілелерді жасасу, орындау немесе бұзу салдары үшін жауап бермейді;
Оператор Өнім берушілердің және басқа да Клиенттер мен ЭАЖ-ға қатысушылардың міндеттемелері бойынша Клиент алдында жауапты болмайды;
Оператор басқа Қатысушылардың өз міндеттемелерін, оның ішінде тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамау мәселелері бойынша Клиенттің шағымдарын қарамайды.
3.4. Оператор Клиенттің өкімі бойынша олардың пайдасына Электрондық ақша аударуды жүзеге асыра отырып, сол сияқты Электрондық ақшаны пайдалана отырып, қабылданған төлемдер туралы ақпаратты Қатысушыларға бере отырып, басқа Қатысушылардың мүддесінде әрекет ету өкілеттіктеріне ие екеніне кепілдік береді.
3.5. Оператордың Шарт бойынша Қызметтерді тиісінше көрсетуі мақсатында Клиент Оператордың осы Шарттың 3.1-тармағы бойынша өз міндеттемелерін орындауды бастағанына дейін осы Шарттың 4-тарауында көзделген тәртіппен ЭАЖ-да тіркелуді жүзеге асыруға міндеттенеді.
3.6.
Оператордың Көрсетілетін қызметтері
ақылы болып табылады. Клиент осы Шарттың
5-тарауында белгіленген мөлшерде және
тәртіппен Оператордың Көрсетілетін
қызметтеріне ақы төлеуге міндеттенеді.
3.7. Осы арқылы Клиент Оператордың Көрсетілетін қызметтерін пайдалану кезінде Оператордан жарнамалық және ақпараттық сипаттағы хабарларды алуға өз келісімін береді.
4. Клиентті ЭАЖ-да тіркеу, Клиенттің мәртебесі және электрондық әмияндардың типтері. Клиентті сәйкестендіру.
4.1. ЭАЖ-да электрондық ақшаны пайдалану мақсатында ЭАЖ-ға қол жеткізу құқықтарын алу үшін Клиент осындай пайдалану басталғанға дейін ЭАЖ-да өзінің тіркелуін жүзеге асыруға міндеттенеді. Клиентті ЭАЖ-да тіркеу AituPay қосымшасы арқылы жүргізілуі мүмкін.
4.2. Клиенттің мәртебесіне, сондай-ақ Клиенттердің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қарай ЭАЖ-да Әмияндардың мынадай түрлерін ажыратады:
VIP Әмиян - Сәйкестендірілген Клиенттің Әмияны;
PRO Әмиян - Оңайлатылған түрде Сәйкестендірілген Клиенттің Әмияны;
Сәйкестендірілмеген Әмиян - Сәйкестендірілмеген Клиенттің Әмияны;
Белсенді емес электрондық әмиян - Қағидаларда және/немесе осы Шартта көзделген негіздер бойынша Оператордың бұғатталған әмияны;
Тіркелмеген жеке тұлғаның әмияны - Клиенттен осындай жеке тұлғаға Электрондық ақша Аударымы түскен кезде ашылатын ЭАЖ-да тіркелмеген жеке тұлғаның Әмияны.
4.3. Клиенттің мәртебесіне және Әмиянның типіне қарай Электрондық ақша операцияларының қолжетімді түрлері және операциялардың ең жоғары сомасы бойынша ЭАЖ-да мынадай шектеулер қолданылады:
4.3.1. Сәйкестендірілмеген Клиент үшін:
Әмиянды сауда нүктелері мен Агенттердің терминалдары арқылы толтыру;
Әмиянды банктік карточка арқылы толтыру;
Көрсетілетін қызметтерді берушілердің пайдасына төлемдер;
Операциялардың сомалары бойынша шектеулер:
Бір операцияның ең жоғары сомасы - 1 (бір) операциялық күнде 50 (елу) АЕК;
Әмиянда сақталатын Электрондық ақшаның ең жоғары сомасы - 100 (бір жүз) АЕК;
Электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы - 1 (бір) операциялық күнде 100 (бір жүз) АЕК.
4.3.2. Сәйкестендірілген Клиенттер үшін (VIP әмиян) :
Әмиянды сауда нүктелері мен Агенттердің терминалдары арқылы толтыру;
Әмиянды банктік карточка арқылы толтыру;
Көрсетілетін қызметтерді берушілердің пайдасына төлемдер;
Әмияндар арасындағы ақша аударымдары;
Әмиянды иеленушінің ҚР кез келген банкі эмиссиялаған банктік картасына әмияннан ақша аудару;
Әмиянды Оператордың банктік шотына клиенттің ақша аударуы арқылы Банк кассаларында толтыру;
Әмияннан ақшаны Банк кассаларында немесе Оператордан алу;
Төлемдердің/операциялардың сомалары бойынша шектеулер:
Операцияларды жүргізуге арналған біржолғы лимит - 1 (бір) операциялық күнде 500 (бес жүз) АЕК;
Күнтізбелік бір ай ішінде Клиенттің электрондық ақшасының барлық төлемдері мен аударымдарының сомасы 5 000 (бес мың) АЕК-тен аспауға тиіс.
4.3.3. Оңайлатылған түрде сәйкестендірілген Клиенттер үшін (PRO әмиян):
Әмиянды сауда нүктелері мен Агенттердің терминалдары арқылы толтыру;
Әмиянды банктік карточка арқылы толтыру;
Көрсетілетін қызметтерді берушілердің пайдасына төлемдер;
Әмияндар арасындағы ақша аударымдары;
Әмиянды иеленушінің ҚР кез келген банкі эмиссиялаған банктік картасына әмияннан ақша аудару;
Әмиянды Оператордың банктік шотына клиенттің ақша аударуы арқылы Банк кассаларында толтыру;
Әмияннан ақшаны Банк кассаларында немесе Оператордан алу;
Төлемдердің/операциялардың сомалары бойынша шектеулер:
Бір операцияның ең жоғары сомасы - 1 (бір) операциялық күнде 100 (бір жүз) АЕК;
Электрондық әмиянда сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы - 300 (үш жүз) АЕК.
Оңайлатылған түрде сәйкестендірілген электрондық ақшаны иеленуші жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақшаны пайдалана отырып, сәйкестендірілген не оңайлатылған түрде сәйкестендірілген электрондық ақшаны иеленушінің электрондық әмиянына жасалатын төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы бір жұмыс күні ішінде 300 (үш жүз) АЕК-тен аспауға тиіс.
Осы Офертаға және Оператордың ішкі рәсімдеріне сәйкес сәйкестендіру рәсімінен өткен Клиенттер үшін 4.3.2. және 4.3.3-тармақтарда айқындалған операция түрлерінің тізбесі толық болып табылмайды және ЭАЖ-ның дамуына қарай толықтырылуы мүмкін.
4.4. Клиентті ЭАЖ-да тіркеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
ЭАЖ-да телефон нөмірі бойынша тіркеу;
осы Шартпен танысу;
Офертаның барлық шарттарына сөзсіз келісу және оларды қабылдау (акцептілеу).
4.4.1. Тіркеу нәтижелері бойынша Клиентке ЭАЖ-да есепке алу жазбасы беріледі.
4.5. Сәйкестендірілмеген клиенттің мәртебесін Сәйкестендірілген / Оңайлатылған түрде сәйкестендірілген клиент мәртебесіне өзгерту үшін Клиентке Оператор белгілеген және Оператордың ішкі рәсімдерінде белгіленген тәртіппен сәйкестендіру рәсімінен өту қажет.
4.5.1. Клиентті сәйкестендіру (оңайлатылған сәйкестендіру) рәсімін Оператор ҚР заңнамасына, ішкі рәсімдерге және осы Шартқа сәйкес дербес деректерді (сәйкестендіру деректерін) Клиенттен ала отырып және тіркей отырып, қашықтықтан тәсілімен:
1) ЭАЖ-да техникалық мүмкіндік болған жағдайда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдарын пайдалану арқылы;
2) ЭАЖ-да техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Оператордың Клиенттің дербес (сәйкестендіру) деректерін, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін (екі жағынан да сурет) сұратуы және Клиенттен Оператордың info@aitupay.kz электрондық поштасына алуы арқылы жүргізеді.
4.5.2. Оператор Клиенттен кез келген нысанда, оның ішінде Клиентті тиісінше тексеру (оның ішінде сәйкестендіру) бойынша шараларды жүзеге асыру үшін кез келген ақпаратты және/немесе мәліметтерді және/немесе құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және/немесе Оператордың ішкі рәсімдеріне және/немесе осы Шартқа сәйкес кез келген басқа да ақпаратты/мәліметтерді және/немесе тиісті түрде ресімделген құжаттарды, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, мыналарды:
1) Клиенттің жеке басын куәландыратын өзінің құжатымен оның бетінің бейнежазбасын ұсынуды сұратуға құқылы.
Бұл ретте, бейнежазба:
- сапалы аудиовизуалды ақпараты (атап айтқанда, камераның көру аймағында басқа адамдардың қозғалысы және бөгде шу шектеулі) болуға;
- Клиент камераның көру аймағында бір мезгілде өзінің сәйкестендіру құжатымен бірге өз бетін тіркейтін/көрсететін бөлікті, атап айтқанда, иеленушінің суреті бар беттерді / жақтарды қамтуға;
- бетті және жеке басты куәландыратын құжаттың егжей-тегжейін (атап айтқанда, сәйкестендіру құжатының осындай бетіндегі суретті, сәйкестендіру деректерін) бірмағыналы тануға мүмкіндік беруге тиіс;
2) тіркелген және тұратын мекенжайларын;
3) салықтық резиденттігі, қызмет түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер ұсынуды сұратуға құқылы.
4.6. Клиенттерді сәйкестендіру рәсімі Оператордың ішкі рәсімдерінде және/немесе осы Шартта көзделген тәртіппен мынадай жағдайларда, бірақ олармен шектелмей:
осы Шартта және/немесе Оператордың ішкі рәсімдерінде және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында тікелей көзделген жағдайларда;
Клиенттің мәртебесіне немесе Әмиянның типіне қарай осы Шартта белгіленген Электрондық ақшамен операциялардың түрлері мен сомалары бойынша шектеулерді алып тастау үшін;
Операторда Клиент әрекеттерінің құқыққа сыйымдылығына және ЭАЖ-дың тиісінше пайдаланылуына қатысты күмән туындаған жағдайларда;
Оператордың Акциялар мен өзге де іс-шараларды өткізуі шеңберінде жүлде алу мақсатында;
Клиенттің әрекеттері Оператордың, ЭАЖ-ға басқа қатысушылардың немесе үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын өзге де жағдайларда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Оператордың ішкі рәсімдерінде көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
4.7. Сәйкестендіру кезінде ұсынылған/енгізілген/жүктелген дербес деректер (сәйкестендіру деректері) өзгерген жағдайда, Клиент электрондық ақшамен ЭАЖ-да операциялар жасағанға дейін қосымша сәйкестендіруден өту (ЭАЖ-дағы сәйкестендіру деректерін жаңарту) мақсатында Операторға жаңа сәйкестендіру деректерін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.
4.8. Клиенттің ЭАЖ-дағы мәртебесін Сәйкестендірілмегеннен Сәйкестендірілгенге немесе Оңайлатылған түрде сәйкестендірілгенге немесе Оңайлатылған түрде сәйкестендірілгеннен Сәйкестендірілген электрондық ақшаны иеленушіге өзгертуді Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Шартта және Оператордың ішкі рәсімдерінде көзделген барлық қажетті іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін жүзеге асырады.
4.9. Оператордың көрсетілетін қызметтерін алу үшін Клиент өз Әмиянының Электрондық ақша балансын енгізуге (толтыруға) міндетті. Толтыруды Агенттерден Электрондық ақшаны алу/сатып алу, банктік шоттар мен карталардан аудару арқылы және Агенттердің терминалдары арқылы жүзеге асыруға болады.
4.10. Клиент ЭАЖ-да тіркелу және Клиенттің Электрондық ақшаны сатып алуы бойынша жоғарыда аталған барлық әрекеттерді жасаған кезден бастап Клиент осы Шартта және ЭАЖ қағидаларында қамтылған толық көлемде, тәртіппен және шарттарда ЭАЖ-ды Пайдалануға құқылы.
5. Оператордың көрсетілетін қызметтерінің құны және Электрондық ақшаны пайдалана отырып, ЭАЖ-да төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
5.1. ЭАЖ-да көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша Оператордың көрсетілетін қызметтері ақылы болып табылады. Клиент Оператордың көрсетілетін қызметтеріне осы бөлімде белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақы төлеуге міндеттенеді.
5.2. Оператордың Көрсетілетін қызметтерінің құны Клиент жүргізетін Төлемдердің әрқайсысының сомасынан пайызбен де, Операция жасалған кезде Оператор Клиенттің Электрондық әмиянынан алатын Электрондық ақшаның тіркелген сомасы түрінде де белгіленуі мүмкін. Операцияларды жүзеге асыруға қатысты Оператордың Көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындайтын пайыздық мөлшерлемелерді/ сыйақы мөлшерлемелерін Оператор дербес айқындайды.
Оператордың Көрсетілетін қызметтерінің құны Электрондық ақшамен алынады.
5.2.1. Өздерінің пайдасына Клиент төлемдерді ЭАЖ арқылы жүзеге асыруға құқылы Өнім берушілердің тізбесі aitu.pay Қосымшасында, «Көрсетілетін қызметтің ақысын төлеу» бөлімінде орналастырылған. Оператор ЭАЖ арқылы өздері жеткізетін тауарлар/көрсетілетін қызметтер үшін төлемді қабылдауға құқылы Өнім берушілердің осы тізбесін біржақты тәртіппен дербес өзгертуге құқылы.
5.2.2. Өнім берушілердің тізіміне енгізілген өзгерістер Клиент үшін “Көрсетілетін қызметтің ақысын төлеу” бөлімінде жарияланған кезден бастап күшіне енеді. Клиент осындай өзгерістер енгізілгеннен кейін ЭАЖ-ды бірінші рет пайдаланған кезде Клиент енгізілген өзгерістерді қабылдады деп есептеледі.
5.2.3. Оператор көрсетілетін қызметтердің есепке жазылған құнын ұстап қалуды Клиент ЭАЖ арқылы Операцияларды жүргізген кезде жүзеге асырады. Клиент кез келген Операцияны жүргізген және Операцияның деректемелері мен сомасын көрсеткен кезде Оператор Көрсетілетін қызметтің құнын есептейді және осы ақпаратты Клиенттің шолуына шығарады. Клиент төлемнің деректемелерін растаған және Клиент Оператордың көрсетілетін қызметтерінің құнымен келіскен жағдайда ғана, Клиент «Ақысын төлеу» батырмасын басады. «Ақысын төлеу» батырмасын басқаннан кейін Операция туралы ақпарат және тиісінше Электрондық ақшаның сомасы Клиенттің Әмиянынан Өнім берушіге және/ немесе Аударымды алушы клиентке түседі.
5.2.4. Оператордың көрсетілетін қызметтерінің құнын Оператор Клиенттің Өнім берушінің пайдасына жүргізілетін төлемінен ұстап қалуға тиіс.
5.3. Оператор осы Шартта көзделген конклюденттік әрекеттерді жасау арқылы Клиент осы Офертаны акцептілеу жолымен жасасатын Шарт бойынша Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерінің туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын есепке алудың электрондық тіркелімінде тіркеуге міндеттенеді.
5.4. Клиент тауарға/көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша Өнім беруші алдындағы өзінің міндеттемелері Клиент осындай Өнім берушінің пайдасына төлемді жасаған кезде орындалды деп есептелетінін мойындайды.
5.5. Авторландыру мен ЭАЖ-ды пайдаланудың әрбір жағдайына Клиенттің Электрондық ақшамен Төлемді жүзеге асыру туралы өкімі болып табылатын құжатқа Клиенттің қол қоюы ілесіп жүреді.
5.6. Клиенттің авторлануы және құжатқа қол қоюы электрондық құжаттың төлнұсқалығын тексеруді және оған қол қойған адамның жеке басын куәландыруды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өз қолымен қойған қолтаңбаларды пайдалануға ұқсас заңды салдарды туындатады, ал Шарттың талаптарын орындауға байланысты және Клиент куәландырған барлық құжаттар жазбаша нысандағы құжаттар деп танылады.
5.7. Клиенттің біртектілігі мен Клиенттің Операцияны жасауы үшін қаражаттың жеткіліктілігін тексергеннен кейін Оператор Клиентке тексеру нәтижелеріне қарай тиісті Операцияны орындауға қабылданғаны туралы не орындаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.
5.8. ЭАЖ-да тіркелу кезінде Клиент көрсеткен деректер өзгерген жағдайда, Клиент деректер өзгерген күннен бастап үш күн мерзімде бұл туралы Операторды хабардар етуге міндетті.
6.1 Белсенді емес Клиент мәртебесі (Әмиянды бұғаттау) Клиентке мынадай жағдайлардың бірінде:
Операцияларды жүзеге асыру мақсатында Клиенттің Балансқа, есепке алу жазбасына қол жеткізуді жүзеге асыру үшін Клиент ЭАЖ-ды соңғы рет пайдаланған күннен бастап күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн өткен соң;
Клиенттен әмиянды бұғаттау туралы хабарлама алынған жағдайда, оның ішінде Электрондық әмиян жоғалған, ұрланған немесе санкциясыз пайдаланылған кезде;
Электрондық әмиянға санкциясыз қол жеткізу немесе одан электрондық ақшаны ұрлау қаупі туындаған жағдайда, Клиент электрондық әмиянды бұғаттау талабымен жүгінген кезде;
Клиент осы Офертада белгіленген электрондық ақшамен операциялардың түрлері мен сомалары бойынша шектеулерден асып түскен, сондай-ақ Оператор Клиенттің өзінің аутентификаттау деректері (пайдаланушының аты, құпиясөз) туралы ақпаратты басқа тұлғаларға бергенін анықтаған жағдайда да Оператордың Электрондық әмиянды бұғаттауына алып келеді;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында және Оператордың ішкі рәсімдерінде көзделген өзге де жағдайларда беріледі.
6.2 Белсенді емес Клиент мәртебесін Белсенді Клиент мәртебесіне өзгерту (Әмиянды бұғаттаудан босату) Клиенттің өтініші бойынша Клиенттің есепке алу жазбасы бұғаттаудан босатылған күннен бастап жүргізіледі.
6.3 Электрондық әмиянды бұғаттаудан босатуды Оператор Электрондық әмиянды бұғаттау жүзеге асырылған себептер жойылған жағдайда жеке кабинет арқылы жіберілген Клиенттің өтініші негізінде жүзеге асырады.
6.4. Әмиян бұғатталған күннен бастап 1 (бір) жыл өткеннен кейін және егер көрсетілген кезеңде Клиент Шарттың 6.3-тармағына сәйкес өтінішпен жүгінбесе, Оператор қалған Электрондық ақшаны белсенді емес Әмияндағы баланстан автоматты түрде есептен шығаруға құқылы, содан кейін Белсенді емес Әмиян автоматты түрде өшіріп тасталады.
6.7 Электрондық әмиянды өшіріп тастауды (Клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуды) Оператор:
1) Клиенттің бастамасы бойынша, Әмиянда Электрондық ақша болмаған кезде, электрондық әмиянның сәйкестендіру коды мен Жүйенің жеке кабинетіне кіру үшін құпиясөзді көрсете отырып, Клиенттің еркін нысандағы өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Эмитенттің талап етуі бойынша;
3) Клиент/Қатысушы ЭАЖ-ды пайдалану тәртібін бұзған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Шартта және Оператордың ішкі рәсімдерінде көзделген өзге де жағдайларда Оператордың бастамасы бойынша біржақты тәртіппен;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Оператордың ішкі рәсімдеріне сәйкес Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайда жүзеге асырады.
6.8. Эмитент Электрондық әмияндарды жабуды жүзеге асырмайды. Бұл функция тек қана Операторға тиесілі.
6.9 Оператордың Әмиянды жабуы онда электрондық ақша болмаған кезде ғана мүмкін болады.
6.10. Осы бөлімде көрсетілген Әмиянды жабу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Эмитенттің электрондық ақшаны мәжбүрлеп өтеу жағдайларына қатысты болмайды.
7. Клиенттің құқықтары мен міндеттері
7.1. Клиент:
7.1.1. Операцияларды ЭАЖ айқындаған реттілікпен жүзеге асыра отырып, ЭАЖ-ды толық көлемде пайдалануға;
7.1.2. өзінің Мәртебесіне және Оператор белгілеген, Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де шектеулерге сәйкес ЭАЖ-дың барлық сервистеріне қол жеткізуге;
7.1.4. Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда төлемді қайтаруды талап етуге;
7.1.6. Оператор бекіткен тәртіппен және шарттарда ЭАЖ ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
7.1.7. Электрондық ақшаның қалдығы, сондай-ақ өз Әмиянының шоты бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпаратты, ЭАЖ-ды пайдалану үшін маңызы бар өзге де ақпаратты алуға;
7.1.8. Клиент сәйкестендірілген/ оңайлатылған түрде сәйкестендірілген клиент болып табылған жағдайда, Операторға сұрау салуды жіберген кезде 5 (бес) жылға дейінгі кезеңде өз Әмияны жай-күйінің кез келген өзгерістері туралы ақпарат алуға;
7.1.9. Операторға басқа Қатысушылардың әрекеттеріне, ЭАЖ жұмысындағы іркілістерге шағымдар жіберуге;
7.1.10. ЭАЖ Операторынан техникалық және ақпараттық қолдау алуға;
7.1.11. өзінің Аутентификаттау деректерін қолдана отырып, ЭАЖ-ды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. ЭАЖ-ды пайдалану Клиенттің ЭАЖ-дың қандай да бір элементтерін жаңғыртпау, қайталамау және көшірмеу, сатпау және басқаға бермеу, сондай-ақ қандай да бір коммерциялық мақсаттар үшін пайдаланбау, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген мақсаттарда үшінші тұлғалардың ЭАЖ-ды пайдалануы үшін осындай үшінші тұлғаларға ЭАЖ-ға қол жеткізуді бермеу міндеттемесімен шектелген.
Клиент тіркелгеннен кейін ЭАЖ-ды пайдалану құқығы айрықша әрі басқаға берілмейтін болып табылады;
7.1.12. кез келген уақытта ЭАЖ-ды пайдаланудан бас тартуға құқылы. Клиент Оператордың Көрсетілетін қызметтерінен бас тартқан жағдайда, Клиент Операторға ЭАЖ-ды пайдалануды тоқтату және оны бұғаттау туралы өтініш беруге құқылы. Клиент өзінің Электрондық әмияны бұғатталған кезге онда ақша қаражатының жоқ екеніне көз жеткізуге/оны растауға міндетті. Өтінішке Клиент жеке куәліктің көшірмесін қоса береді. Оператор Клиенттен жоғарыда көрсетілген өтінішті алып, оның Электрондық әмиянын бұғаттайды.
7.1.13. Техникалық қолдаудың барлық туындайтын мәселелері бойынша Клиент nfo@aitupay.kz электрондық поштасы немесе https://aitupay.kz сайтында көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.
7.2. Клиент:
7.2.1. өзінің Аутентификаттау деректерін үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз жерде сақтауға;
7.2.2. Аутентификаттау деректері жоғалған жағдайда, электрондық поштаға жазып немесе https://aitupay.kz сайтында көрсетілген телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, бұл туралы Операторды дереу хабардар етуге міндетті.
Аутентификаттау деректерінің жоғалғаны туралы ақпарат алынған кезде Клиенттің Әмияны бұғатталады. Бұғатталған Әмиян арқылы төлемдер Әмиян бұғаттаудан босатылғанға дейін жүзеге асырылмайды. Әмиянды бұғаттаудан босату Сәйкестендірілген/ оңайлатылған түрде сәйкестендірілген Қатысушылар үшін ғана мүмкін болады.
Клиент алаяқтық операцияларды жүзеге асырған және/немесе осыған ұқсас операцияларды жүзеге асырады деген күдік болған жағдайда, Оператор осындай алаяқтық операциялар бойынша талқылау толық аяқталғанға дейін мұндай Әмиянды бұғаттаудан босатпау құқығын өзінде қалдырады.
Клиент Әмиянға қол жеткізудің Аутентификаттау деректерін жоғалтқаны туралы Операторды хабардар етпеген және/немесе уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Операторға тиісті хабарлама келіп түскен кезге дейін Оператор Клиенттің Аутентификаттау деректерін пайдалана отырып, ЭАЖ арқылы Клиенттің электрондық шотына келтірілген нұқсан үшін жауапты болмайды.
Клиент ЭАЖ-дағы барлық операциялар Клиент дұрыс Аутентификаттау деректерін енгізген жағдайда ғана жүргізілетіні туралы хабардар етілді және осыған келісетінін растайды. Бұл ретте, Оператор Клиенттің тиісті Операцияларды жасағаны үшін жауапты болмайды;
7.2.3. осы Шарттың талаптарын зерделеуге және сақтауға міндетті. Клиенттің Шартта көзделмеген әрекеттерді жасауы Операторда Қызметтер көрсету жөніндегі міндеттемелердің туындауына негіз бола алмайды. Осы Шарттың талаптарына келіспеген/оларды қабылдамаған жағдайда Клиенттің ЭАЖ-ды пайдалануға құқығы жоқ;
7.2.4. ЭАЖ жұмысында қандай да бір іркілістер анықталған жағдайда, сол сияқты әрекеттердің белгілі бір реттілігін орындағаннан кейін ЭАЖ-да ұсынылған Көрсетілетін қызметтерді санкциясыз пайдалану мүмкіндігін алған жағдайда, электрондық поштаға жазып немесе https://aitupay.kz сайтында көрсетілген телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, Оператордың қолдау қызметіне ақпарат беруге міндетті. Клиент ешбір жағдайда осы іркілістерді не әрекеттер реттіліктерін пайдаланбауға және олардың бар екендігі туралы үшінші тұлғаларға хабарламауға тиіс;
7.2.5. ЭАЖ-ды басқа Клиенттердің, ЭАЖ-ға қатысушылардың және үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтын және қозғамайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбайтын тәсіл арқылы пайдалануға;
7.2.6.
Қағидалардың, Клиент ЭАЖ-да тіркелу
кезінде қабылдаған Шарттың және
ЭАЖ-ға
қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін
реттейтін өзге де нормативтік құжаттардың
талаптарын орындауға;
7.2.7. осы Шартта және Оператордың ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және соларға сәйкес, сондай-ақ Оператордың алғашқы талап етуі бойынша және осы Шартқа және Оператордың ішкі құжаттарына сәйкес Оператор көрсеткен мерзімдерде Операторға жарамды, анық әрі заңды мәліметтерді және/немесе ақпаратты және жеке басты куәландыратын құжатты ұсына отырып, сәйкестендіру жөніндегі рәсімнен өтуге;
7.2.8. Электрондық ақшамен жасалатын Операциялардың мазмұны және оны жасау үшін көрсетілген деректердің анықтығы үшін жауапты болуға;
7.2.9. ЭАЖ-ды пайдалану мақсаттары үшін Оператордан, Эмитенттен алынған құпия ақпаратты бермеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға өзінің Әмиянын және Аутентификаттау деректерін пайдалану мүмкіндігін ұсынбауға;
7.2.10. ЭАЖ-ға қол жеткізудің өзіне тиесілі құрылғысының жұмыс қабілеттілігі мен ақпараттық қорғалуы туралы тиісті түрде қам жеуге;
7.2.11. ЭАЖ-дың бағдарламалық қамтылымына өзгерістер енгізуге тырыспауға;
7.2.12. ЭАЖ көмегімен жасалған электрондық құжаттарды заңды маңызы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште жасалған құжаттарға баламалы деп тануға;
7.2.13. ЭАЖ-да жұмыс істеген кезде Эмитентті және Операторды өзінің Сәйкестендіру деректерінің кез келген өзгерістері туралы уақтылы хабардар етуге;
7.2.14. мобильді байланыс Операторымен ЭАЖ-да тіркелу кезінде енгізілген нөмірді пайдалануға шартты бұзған жағдайда, өзінің Аутентификаттау деректеріне өзгерістерді уақтылы енгізуге;
7.2.15. өзінің келісімінсіз жүргізілген операцияның табылғаны туралы, өзінің жеке деректеріне санкциясыз қол жеткізілгені туралы, Аутентификаттау деректерін жоғалтқаны туралы Операторды, Эмитентті дереу хабардар етуге;
7.2.16. Оператордың алғашқы талап етуі бойынша және Оператор көрсеткен мерзімдерде клиентті тиісінше тексеру (оның ішінде сәйкестендіру) бойынша шараларды жүзеге асыру үшін кез келген нысандағы мәліметтерді және/немесе ақпаратты және/немесе құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және/немесе Оператордың ішкі рәсімдеріне және/немесе осы Шартқа сәйкес Оператор талап ететін жарамды әрі анық болып табылатын кез келген ақпаратты және/немесе мәліметтерді және/немесе құжаттарды және/немесе тиісті түрде ресімделген құжаттарды ұсынуға және ашуға;
7.2.17 ЭАЖ-да тіркелуге және Әмиянды тек қана өз атынан және өзінің мүддесінде пайдалануға;
7.2.18 ЭАЖ-ды
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
мақсатында пайдаланбауға, сондай-ақ
үшінші тұлғалардың осындай пайдалануына
ықпал етпеуге міндетті. Клиент Оператордың
тіркелген дара кәсіпкерлер болып
табылмайтын жеке тұлғалардың кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруы бөлігінде олармен
ынтымақтастық жасамайтынын және ешбір
мән-жайлар кезінде Клиенттің немесе
үшінші тұлғалардың жеке тұлға Клиенттің
Әмиянын пайдалана отырып, кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруына байланысты
жүзеге асырылған оның төлемдері,
сондай-ақ осындай жеке тұлғалардың
міндеттемелері бойынша жауапты
болмайтынын түсінеді және соған келіседі;
7.2.19. ЭАЖ-ды заңсыз пайда алуға не кірісті жасыруға бағытталған операциялар жасау үшін пайдаланбауға міндетті. Клиент тіркеусіз немесе тіркеу қағидаларын бұза отырып немесе лицензиялық талаптарды бұза отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық туралы хабардар;
7.2.20. ЭАЖ арқылы заңсыз қаржы операцияларын, заңсыз сауданы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді/экстремизмді қаржыландыру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, кез келген басқа да операцияларды жүзеге асырмауға;
7.2.21. заңсыз сауда, заңсыз қаржылық операциялар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді/экстремизмді қаржыландыруға бағытталған операциялар талпыныстарын болғызбауға міндетті.
7.3. Клиент Әмиянды белгілі бір Эмитенттің Электрондық ақшасымен толтырған кезде ықтимал тәуекелдерді сезінеді және қабылдайды.
8. Оператордың құқықтары мен міндеттері
8.1.Оператор:
8.1.1. жаңа Қатысушыға:
- Қатысушы қатысу өлшемшарттарына сәйкес келмеген;
- Қатысушы Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қағидалардың және осы Шарттың талаптарын сақтамаған;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында және Оператордың ішкі құжаттарында көзделген тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдау мүмкін болмаған;
- Операторға құжаттарды және/немесе ақпаратты ұсынудан бас тартқан және/немесе уақтылы ұсынбаған және/немесе анық емес, жарамсыз құжаттарды және/немесе ақпаратты ұсынған және/немесе құжатта қолдан жасау белгілері болған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін нысан мен түр бойынша құжаттарды ұсынған кезде;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында, Оператордың ішкі рәсімдерінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ осы Шарттың талаптарында көзделген жағдайларда ЭАЖ-ға қосылудан бас тартуға;
8.1.2. мынадай оқиғалардың бірі:
Клиенттің Оператор белгілеген және/немесе заңнамада белгіленген лимиттен асатын сомаға Операцияны жүзеге асыру талпынысы;
Клиент енгізген ақша қаражатының сомасынан асатын сомаға Электрондық ақшаны аударуды жүзеге асыру талпынысы;
соның нәтижесінде сұрау салынатын операцияны жүргізу не жасалатын операция тараптарының кез келгенімен байланыс жасау мүмкін болмайтын техникалық іркіліс туындаған;
Операторда ЭАЖ-ға санкциясыз қол жеткізілді деген күдіктер туындаған;
Клиенттің мәртебесіне қарай жүргізілетін операцияларды шектеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Офертада белгіленген талаптарды бұза отырып, Операцияны жүзеге асыру талпынысы;
абоненттік нөмір және Клиент ұялы байланыс операторымен жасасқан ұялы байланыстың көрсетілетін қызметтерін ұсыну туралы қолданыстағы шарттың болуы туралы анық мәліметтерді хабарлауды қоса алғанда, Клиент әрекеттерінің/операцияларының заңдылығына қатысты күмән туындаған жағдайда, сондай-ақ Клиент әрекеттерінің осы Офертаның шарттарына сәйкестігіне күмән болған кезде ЭАЖ-да Операциялар жүргізуден бас тартуға құқылы. Бұл ретте Оператор Клиенттен: 1) ЭАЖ-ды пайдалана отырып, Клиенттің операциялары туралы қосымша ақпаратты (оның ішінде құжаттық, қағаз жеткізгіште) ұсынуды; 2) Клиентті сәйкестендіретін деректерді көрсете отырып, құжаттар ұсынуды (түпнұсқаларды/ нотариаттық көшірмелерді /электрондық көшірмелерді беруді); 3) Клиентті тиісінше тексеру (оның ішінде сәйкестендіру) бойынша шараларды жүзеге асыру үшін қажетті және/немесе жеткілікті өзге де мәліметтерді және/немесе ақпаратты және/немесе құжаттарды талап етуге құқылы;
- Операцияны жасау Операторға және/немесе ЭАЖ-ға басқа Қатысушыларға залал келтіруі мүмкін жағдайларда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Оператордың ішкі рәсімдерінде көзделген тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдау мүмкін болмаған;
осы Шартқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Оператордың ішкі рәсімдеріне сәйкес Операторға құжаттарды және/немесе ақпаратты ұсынудан бас тартқан және/немесе уақтылы ұсынбаған және/немесе анық емес, жарамсыз құжаттарды ұсынған;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында, Оператордың ішкі рәсімдерінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ осы Шарттың талаптарында көзделген жағдайларда;
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Оператордың ішкі рәсімдерінде және осы Шартта көзделген өзге де жағдайларда ЭАЖ-да Операциялар жүргізуден бас тартуға;
8.1.3. ЭАЖ-ға Қатысушылардан, бұл ретте Қағидаларда және ЭАЖ-ға Қатысушылармен жасалатын шарттарда көзделген Оператордың өкілеттіктерін, оның ішінде қатысушылардың Оператордағы ақшасын бұғаттау құқығын пайдалана отырып, жұмыс істеу кезінде жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
8.1.4. Клиенттердің Дербес деректерін алуға, тіркеуге, сақтауға, қорғауға;
8.1.5. басқа Қатысушыларға Қатысушының Мәртебесі туралы ақпаратты беруге;
8.1.6. егер мұндай беру жасалған шартты орындау үшін қажет болса, Операцияларды жүзеге асыру кезінде Клиент енгізетін Дербес деректерді жинауды, сақтауды және өңдеуді, осы деректерді ЭАЖ-ға басқа Қатысушыларға беруді жүзеге асыруға;
8.1.7. мыналарды:
ЭАЖ-ға қатысуға арналған үлгілік шарттарды, Қатысушылардың орындауына міндетті ережелерді әзірлеуді;
тарифтік саясатты, ЭАЖ-дағы комиссиялар мен сыйақылардың мөлшерлемелері мен түрлерін бекітуді, қолданыстағы комиссиялар мен сыйақылардың мөлшерлемелері мөлшерінің өзгерістерін;
ЭАЖ-ға Қатысушылар құрамының өзгерістері мен толықтыруларын;
ЭАЖ Қағидаларының өзгерістерін қоса алғанда, ЭАЖ-дың жұмыс істеу шарттарын айқындауға;
8.1.8. ЭАЖ-да жұмыс істеу тәртібін және/немесе рәсімін айқындауға/өзгертуге;
8.1.9. ақысын төлеу ЭАЖ көмегімен жүргізілетін көрсетілетін қызметтердің/тауарлардың тізбесін кеңейтуге;
8.1.10. бағдарламалық қамтылымды түрлендіруді жүргізуге және түрлендіруді жүргізу кезеңінде ЭАЖ-да тиісті хабарламаны орналастырып, ЭАЖ-ға қол жеткізуге тыйым салуға;
8.1.11. жөндеу және профилактика жұмыстарын жүргізу мақсатында ЭАЖ жұмысын тоқтата тұруға;
8.1.12. Клиенттен кез келген нысанда, оның ішінде Клиентті тиісінше тексеру (оның ішінде сәйкестендіру) бойынша шараларды жүзеге асыру үшін мәліметтерді және/немесе құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Оператордың ішкі рәсімдеріне және осы Шартқа сәйкес кез келген басқа да ақпаратты/мәліметтерді және/немесе тиісті түрде ресімделген құжаттарды сұратуға;
8.1.13. мынадай:
- ұсынылған құжаттар және/немесе Клиент Операцияларының талдауы ЭАЖ-ды пайдалану осы Офертаның және/немесе Оператордың ішкі рәсімдерінің шарттарын бұза отырып жүзеге асырылады деп пайымдауға негіз берген;
- клиентті тиісінше тексеру (оның ішінде сәйкестендіру) бойынша шараларды жүзеге асыру үшін Клиент Операторға мәліметтерді және/немесе құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Оператордың ішкі рәсімдеріне және осы Шартқа сәйкес кез келген басқа да ақпаратты/мәліметтерді және/немесе тиісті түрде ресімделген құжаттарды ұсынудан бас тартқан жағдайларда;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында, Оператордың ішкі рәсімдерінде және осы Шартта көзделген өзге де жағдайларда және негіздер бойынша осы Офертаның талаптарында жасалған Шартты біржақты тәртіппен бұзуға, сол сияқты Әмиянды жаба отырып, Клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға;
8.1.14. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, Оператордың ішкі рәсімдерінің талаптарына сәйкес, сондай-ақ осы Шарттың талаптарында көзделген жағдайларда Клиенттің электрондық әмиянға қол жеткізуін уақытша бұғаттауға және/немесе операцияның орындалуын тоқтата тұруға және/немесе ЭАЖ-да электрондық ақшамен жасалатын операцияны тоқтатып қою бойынша шараларды жүзеге асыруға құқылы.
8.2. Оператор:
8.2.1. ЭАЖ Қағидаларын айқындауға, ЭАЖ-ға Қатысушылардың ЭАЖ Қағидаларын сақтауын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға;
8.2.2. ЭАЖ-дың тәулік бойы іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
8.2.3. ЭАЖ-ға Эмитенттерді, Клиенттерді, Агенттерді, Өнім берушілерді тартуды жүзеге асыруға;
8.2.4. ЭАЖ-ға қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеуге;
8.2.5. тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға, тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыруға және оларды төмендету бойынша шаралар қабылдауға;
8.2.6. ЭАЖ-ға Қатысушылардың өтініштерін тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз етуге;
8.2.7. коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуына кепілдік беруге;
8.2.8. жасалған шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ЭАЖ-да операцияларды жүзеге асыру кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге;
8.2.9. жоспарлы профилактикалық жұмыстар шеңберінде ЭАЖ жұмысы тоқтатыла тұрған жағдайда, ЭАЖ-ға Қатысушыларды жүргізіліп жатқан жұмыстардың уақыты мен ұзақтығы туралы олар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) сағат бұрын хабардар етуге;
8.2.10. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
8.2.11. ЭАЖ-ға Қатысушылардың сұрау салуы бойынша 5 (бес) жылға дейінгі кезеңде олардың қатысуымен ЭАЖ-да жүргізілген барлық операциялар туралы есепті ұсынуға;
8.2.12. ЭАЖ-ға қатысушылар арасындағы өзара есеп айырысулардың жай-күйі туралы ақпаратты шарт қолданылатын мерзім ішінде сақтауға, ЭАЖ-ға Қатысушылар жасаған кез келген операциялар туралы ақпаратты және өзге де ақпаратты тиісті операциялар жүзеге асырылғаннан кейін 5 (бес) жыл ішінде сақтауға;
8.2.13. ЭАЖ-ға Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес операциялар мен есептердің қаржылық мониторингін жүзеге асыру үшін есептерді қалыптастыру және жүктеп түсіру үшін ЭАЖ-ға қол жеткізуді ұсынуға;
8.2.14. Сәйкестендіру кезінде Клиенттен Қазақстан Республикасы заңнамасының, Оператордың ішкі рәсімдері мен осы Шарттың талаптарына сәйкес құжаттарды және/немесе мәліметтерді және/немесе ақпаратты талап етуге міндетті.
8.3. Клиент Қосымшаның Операторға тиесілі зияткерлік меншік объектісі болып табылатынын мойындайды. Клиентке Оператордың және оның үлестес тұлғаларының бағдарламалық қамтылымына және/немесе тауар белгілеріне және/немесе фирмалық атауларына және/немесе өзге де зияткерлік меншік объектілеріне ешқандай құқықтар берілмейді, олар Оператордың және/немесе оның үлестес тұлғаларының меншігі болып қалады. Бұл ретте, Оператор ЭАЖ-ға қол жеткізуді алудың немесе оны пайдаланудың Клиентте пайда болған қандай да бір мүмкін еместігі үшін жауапты болмайды.
9. Құпиялылық және қауіпсіздік
9.1. Тараптар ЭАЖ-да олармен алмасу жүзеге асырылатын немесе ЭАЖ пайдаланыла отырып, Тараптарға қолжетімді болатын ақпарат пен құжаттардың қауіпсіздігі және оларды қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді.
9.2. Клиент құпиялылықты сақтау, санкциясыз пайдалануды болғызбау және өзінің Аутентификаттау деректерін үшінші тұлғалардың тарапынан санкциясыз қол жеткізуден қорғау бойынша барлық қажетті шараларды дербес қабылдауға міндеттенеді. Клиент өзінің Аутентификаттау деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға міндеттенеді.
9.3. Оператор мынадай:
мұндай ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылатын;
ақпарат Клиенттің талап етуі бойынша немесе рұқсатымен ашылған;
ақпарат Клиенттің контрагенттеріне Шарттың талаптарын орындау үшін қажетті көлемде ұсынылуға жататын;
ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша немесе күдік туғызатын мәмілелер бойынша немесе соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті сұрау салулары келіп түскен кезде ашуды талап ететін жағдайларды қоспағанда, Клиенттің дербес деректеріне, сондай-ақ Клиенттің ЭАЖ-ды пайдалануына байланысты Операторға мәлім болған Клиент туралы өзге де ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді.
9.4. Тараптар өзіне:
ЭАЖ арқылы заңсыз қаржылық операцияларды, заңсыз сауданы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру жөніндегі операцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, кез келген басқа да операцияларды жүзеге асырмау;
заңсыз сауданың, заңсыз қаржы операцияларының, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталған операциялардың талпыныстарын болғызбау міндеттемелерін қабылдайды.
9.5. Оператор Клиентке Оператордың Операцияны жүргізуден бас тартқаны туралы хабарды жіберу арқылы Операцияларды жасаудан бас тарту құқығын өзінде қалдырады. Осы хабарламада бас тарту себептерін, оның ішінде Клиент әрекеттерінің заңдылығына қатысты негізді күмән туындаған жағдайда бас тарту себептерін көрсету қамтылады. Бұл ретте Оператор Клиенттен:
Клиенттің қызметі туралы қосымша (оның ішінде қағаз жеткізгіште құжаттық) ақпаратты ұсынуды талап етуге құқылы; осындай ақпаратты беруден бас тартылған немесе ол Клиенттің Әмиянына қызмет көрсету тоқтатылған кезден бастап күнтізбелік 15 (Он бес) күн ішінде ұсынылмаған жағдайда, Оператор мұндай Әмиянды бұғаттайды;
Клиентті сәйкестендіретін деректерді көрсете отырып, құжаттар ұсынуды;
ұялы байланыс операторымен жасалған ЭАЖ-да тіркелген Абоненттік нөмірді пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шарттың көшірмесін ұсынуды талап етуге құқылы.
9.6. Клиент ЭАЖ-ды жүйелі түрде пайда алуға не кірісті жасыруға бағытталған операцияларды жасау үшін пайдалануға құқылы емес. Клиент тіркеусіз немесе тіркеу қағидаларын бұза отырып, лицензиялық талаптар мен шарттарды бұза отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық туралы хабардар.
9.7. Клиент осы Шарттың 7-тарауында көзделген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Оператор Клиенттің жол берілген бұзушылықты жою мерзіміне Клиенттің ЭАЖ-ды Пайдалануға қол жеткізуін бұғаттауға құқылы.
9.8. Төлемді немесе Электрондық ақшаның аударымын қайтаруды жүзеге асыру қажеттілігі Клиенттің Әмиянына санкциясыз қол жеткізудің салдары болып табылған жағдайда (яғни, Клиент Әмиянға санкциясыз қол жеткізу фактісі туралы Операторды хабардар еткеннен кейін), қайтару Клиенттің Әмиянына санкциясыз қол жеткізу жағдайларын реттейтін Қағидалар бөлімінде көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
10. Дербес деректер.
10.1. Осы Шарттың талаптарын қабылдай отырып (акцептілей отырып), Клиент Операторға мәлім болған және/немесе Клиент Операторға берген/алған өзінің дербес деректеріне (тізбе осы Шарттың 1-бөлімінде көрсетілген) қатысты шартсыз келісім береді, ол оның ішінде мыналарды:
- Оператордың
қалауы бойынша және Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін тәсілдермен Оператордың,
Оператордың үлестес тұлғаларының және
қазіргі уақытта да, болашақта да
Оператормен Дербес деректерді жинау,
өңдеу және қорғау бойынша
мән-жайлармен
немесе құқықтық қатынастармен байланысты
үшінші тұлғалардың Қазақстан
Республикасының заңнамасында жол
берілетін кез келген тәсілмен және кез
келген дереккөздерден, оның ішінде
Клиенттің жалпыға бірдей қолжетімді
Дербес деректерін жинауына және өңдеуіне
(жинақтауына, сақтауына, өзгертуіне,
толықтыруына, пайдалануына, таратуына,
иесіздендіруіне, бұғаттауына және
жоюына) келісімді;
- Оператордың үлестес тұлғаларына және қазіргі уақытта да, болашақта да Оператормен Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау бойынша мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты үшінші тұлғаларға Дербес деректерді беруді, оның ішінде трансшекаралық беруді;
- Дербес деректерге қатысты Оператордың www.aitupay.kz интернет-ресурсында орналастырылған осы Шартқа, Құпиялылық саясатына және дербес деректерді қорғау саласындағы қолданылатын заңнамаға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді қамтиды.
10.2. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған осы келісім Оператордың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін дербес деректерді пайдаланудың кез келген жағдайларына, оның ішінде техникалық қолдаудың/байланыс орталығының телефонына/Оператордың info@aitupay.kz электрондық поштасының мекенжайына алынған Клиенттердің өтініштерін өңдеу кезінде қолданылады.
10.3. Оператор Клиенттің Дербес деректері құпиялылығының сақталуына тұрақты бақылауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Оператор Клиенттің Дербес деректерін пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға ашпауға міндеттенеді. Мұндай ақпаратты ашуға тек қана Клиенттен осындай ақпарат алынған кезде ол алдын ала хабардар болған жағдайларда не Клиенттің өзінің келісімімен не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда не осы Шарттың 10.1-тармағында көзделген жағдайларда жол беріледі.
11.1. Оператор Клиенттің Әмиянындағы Электрондық ақша қалдығының сомасынан аспайтын сома шегінде Клиенттің алдында жауапты болады.
11.2. Оператор ЭАЖ-дың уақытша жұмыс қабілетсіздігі, аппараттық немесе бағдарламалық құралдардың жұмысындағы іркілістер мен қателер үшін жауап бермейді.
11.3. Клиенттің Аутентификаттау деректерін пайдалануға байланысты емес ЭАЖ жұмысына араласуға бағытталған үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері орын алған жағдайда Оператор құқыққа қарсы әрекеттер басталған кезге Клиенттің Әмиянындағы сома шегінде Клиенттің нұқсаны үшін жауапты болады.
11.4. Оператор Клиенттің анық емес мәліметтерді беруінің, сол сияқты оның Аутентификаттау деректерін жоғалтуының/ беруінің салдары болған нұқсан мен Клиенттің залалдары үшін жауапты болмайды.
11.5. Шарттың
тараптары, егер оларды орындамау Шарт
күшіне енгеннен кейін туындаған
еңсерілмейтін күш мән-жайларының немесе
Шарт жасалғанға дейін болғызбау немесе
күнібұрын білу мүмкін болмаған төтенше
оқиғалар басталуының салдары болса,
өзара міндеттемелерді орындамағаны
үшін жауаптылықтан босатылады. Өзіне
қатысты еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
қолданылатын Тарап осы мән-жайлар
басталғаннан кейін күнтізбелік
10
күннен кешіктірмей екінші Тарапты
хабардар етуге міндетті.
11.6. Клиент өзінің Аутентификаттау деректерін үшінші тұлғаға берген жағдайда, Клиент ЭАЖ пайдаланыла отырып, осындай үшінші тұлғалар жасаған әрекеттер үшін, сондай-ақ осындай үшінші тұлғалар Операторға және ЭАЖ-ға басқа қатысушыларға келтірген нұқсан үшін толық көлемде жауапты болады.
11.7. Оператор бағдарламалық-техникалық кешендерде, деректерді берудің сыртқы желілерінде іркілістер болған жағдайда Көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы үзілістер үшін жауапты болмайды. Оператор жабдықты, бағдарламалық қамтылымды ауыстыруға немесе бағдарламалық және/немесе аппараттық қамтылымның жұмыс қабілеттілігін қолдау және оны жаңғырту қажеттілігінен туындаған басқа да жұмыстарды жүргізуге байланысты Көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы толық немесе ішінара үзілістер үшін жауапты болмайды.
12.1. Тараптардың осы Шарттың талаптарын орындауы процесінде туындайтын барлық дауларды Тараптар, бірінші кезекте, туындаған дауларды реттеу жолдарын тұжырымдау мақсатында келіссөздер жолымен қарайтын болады.
12.2. Егер дауды келіссөздер жолымен шешуге келмеген жағдайда, дау Оператордың орналасқан жеріндегі сотта шешуге жатады. Тараптардың қатынастарына Қазақстан Республикасының материалдық құқығы қолданылады.
12.3. Осы Шарттың талаптарында көзделмеген барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
12.4 Аударымды жөнелтуші Клиент Операциялық тапсырманы толтыру кезінде қате жасап, Электрондық ақша басқа Клиенттің пайдасына кейіннен аударылған жағдайда, Электрондық ақшаны қайтару Клиенттер арасындағы уағдаластық бойынша жүзеге асырылады. Алушы Клиент Электрондық ақшаны жөнелтуші Клиентке қайтарудан бас тартқан жағдайда, осындай операциялар бойынша оларды жүргізудің санкцияланбағаны туралы уақтылы хабардар ету орын алған жағдайларды қоспағанда, жөнелтуші Клиент осындай операциялар бойынша Операторға наразылық білдіруге құқылы емес.
13.1. Оператор бұқаралық ақпарат құралдарында немесе ЭАЖ сайтында өзгерістерді жариялау арқылы Шартқа біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы. Егер өзгерістерді жариялау кезінде олардың күшіне енуінің өзге мерзімі қосымша айқындалмаса, өзгерістер жарияланған кезден бастап күшіне енеді.
13.2. Клиент Шарттың талаптарын бұзған жағдайда немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша Оператор оны бұзуға құқылы.
13.3. Клиент Шарттың барлық талаптары өзіне түсінікті екеніне кепілдік береді және Клиент талаптарды ескертусіз әрі толық көлемде қабылдайды.
13.4. Клиент ЭАЖ-ды Шартта және ЭАЖ сайтында көрсетілгендерден өзге мақсаттарда пайдаланбайтынына кепілдік береді.
13.5. Клиенттің ЭАЖ бен Оператордың сайтын пайдалану кезінде жасалатын барлық әрекеттері үшін оларды жасау уақыты Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша белгіленеді.
13.6. Клиент Шарттың талаптарын бұзған жағдайда Оператордың әрекетсіздігі Операторды өз мүдделерін кейінірек қорғауды жүзеге асыру құқығынан айырмайды, сондай-ақ Клиент болашақта осындай не осыған ұқсас бұзушылықтарды жасаған жағдайда Оператордың өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейді.
13.7. Клиент осы Шартта көзделген тәсілдердің кез келгені арқылы ЭАЖ-да тіркелуге бағытталған әрекеттерді жасаған кезден бастап Шарт осы Офертаның талаптарымен жасалды деп есептеледі.
Клиент осы Шартта көзделген тәсілдердің кез келгені арқылы ЭАЖ-да тіркелуге бағытталған әрекеттерді жасаған кезден бастап осы Шартқа, Оператордың Құпиялылық саясатына және осы құжаттарда көрсетілген барлық талаптарға келісім білдіру болып табылады.
13.8. Осы Шартта көзделген конклюденттік әрекеттерді жасау арқылы осы Шарттың талаптарын Акцептілеу арқылы Клиент жасаған Шартты Клиент Операторға жазбаша хабарлама жіберу арқылы бұза алады. Оператор көрсетілген хабарламаны алғаннан кейін 10 (он) банктік күн өткен соң Шарт бұзылды деп есептеледі.